Бурабайда квадроциклмен ағашқа соғылған қыздың жағдайы белгілі болды

Дәрігерлер қыздың жағдайы өте ауыр екенін айтуда.

 видеодан скриншот Кеше 2026, 17:32
Кеше 2026, 17:32
1201
Фото: видеодан скриншот

Дәрігерлер Бурабайда квадроциклмен ағашқа соғылған қыздың жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

14 ақпанда Бурабай кентінде қарда жүретін көлікпен жол-көлік оқиғасы болды. Апат салдарынан жолаушы түрлі жарақат алып, медициналық мекемеге жатқызылды. Жүргізуші де дене жарақатын алды. Бойжеткен жансақтау бөлімінде жатыр.

Бурабай курорттық аймағында болған қайғылы оқиғаға байланысты пациенттің жағдайы туралы басқармаға көптеген сұраулар келіп түсуде. Қазіргі уақытта зардап шеккен қыз медициналық мекемеде, оған барлық қажетті мамандандырылған медициналық көмек көрсетілуде. Пациенттің жағдайы аса ауыр деп бағаланады. Жағдай денсаулық сақтау басқармасының тұрақты бақылауында, - деп пікір білдірді денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Ермек.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Оның қорытындысы бойынша тиісті процестік шешім қабылданатын болады.

Полиция қызметкерлері қарда жүретін көліктер мен квадроциклдердің иелеріне техниканы, қорғаныс құралдарын пайдалану және жолаушыларды тасымалдауда қауіпсіздік талаптарын, ережелерді қатаң сақтау қажеттігін еске салады.

 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от @aqmola_pd

Наверх