Құтқарушылар Бурабайда демалып жүріп, толқын салдарынан жағаға жете алмай қалған астаналықтарды құтқарды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Катамаранмен және сапбордпен көл бетінде серуендеуге шыққан Астана тұрғындары үлкен толқындардың себебінен жағаға орала алмай қалды, - деп жазылған ТЖМ хабарламасында.
Ақмола құтқарушылары осылайша қиындыққа тап болған 5 адамды курорттық аймақтың су айдындарында тауып алып құтқарды.