Ақмола облысында өрт сөндірушілер екі қабатты моншадағы өртті жойды, деп хабарлайды BAQ.KZ облыстық ТЖД-ға сілтеме жасап.
Белгілі болғандай, Бурабай ауданы Сарыбұлақ ауылында жеке тұрғын үйлердің біріндегі аумағында екі қабатты моншаның шатыры өртенген.
Құтқарушылардың үйлесімді әрекеттерінің арқасында өрт 40 шаршы метр алаңда жедел түрде сөндірілді. Бақытымызға орай, зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда, - делінген хабарламада.
Төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне қоңырау шалу қажет.