Бурабайда ауыл балаларына арналған тағы бір мектептің құрылысы басталды

9 Наурыз 2023, 13:28
2637
Бөлісу:
Бурабайда ауыл балаларына арналған тағы бір мектептің құрылысы басталды
PHOTO
Фото: автордан

Бүгін Бурабайда IQanat High School of Burabay мектебінде жаңа «Freedom House» кампусының іргетасын қалау рәсімі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Freedom House кампусы 120 балаға арналған. Оның құрылысв биыл қазан айында аяқталады. Бұл дегеніміз жыл соңында тағы 420 оқушы жаңа мектепте оқу мүмкіндігіне ие болады.

Бурабайда ауыл балаларына арналған тағы бір мектептің құрылысы басталды

Мектепте ауыл мектебінен шыққан 10-11-сынып оқушылары оқиды.

Бурабайда ауыл балаларына арналған тағы бір мектептің құрылысы басталды

Айта кетерлігі, мұнда ауыл оқушылары арасында өткен IQanat олимпиадасы финалистері оқиды.

Бурабайда ауыл балаларына арналған тағы бір мектептің құрылысы басталды

Ақмола облысы әкімінің орынбасары Малғаждар Тәткеев бұл мектеп Президент тапсырғандай, ауыл мен қала мектебі арасындағы білім деңгейінің алшақтығын реттеуге септігін тигізетінін айтты.

Бүгін IQanat мектебінің жаңа кампусының негізін қалағалы жатырмыз. Бұл бастама Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы аясында қала мен мектеп арасындағы айырмашылықты төмендетуге ықпал етеді. Осы бағытта жұмыс жүріп жатыр. Осы мектепте еліміздің түкпір-түкпіріндегі ауылдардан іріктеліп алынған дарынды, білімді балалар оқиды. Осы мектептің түлектері әлемнің беделді университеттерінде білім алып жатыр. Сіздер осы мектепті бітіріп, еліміздің дамуына өз үлестеріңізді қосасыздар деп сенемін. Бәріңізге іске сәт, - деп айтты Тәткеев.

Бурабайда ауыл балаларына арналған тағы бір мектептің құрылысы басталды

Freedom Holding Corp компаниясының негізін қалаушы Тимур Турлов IQanat мектебінде жаңа дәстүрдің негізін қалады.
Тимур Турлов 2019 жылдан бері IQanat жобасының қамқоршысы. Ол Түркістан, Қызылорда, Павлодар және Жетісу облыстарының ауыл балаларына қолдау көрсетеді.

Бурабайда ауыл балаларына арналған тағы бір мектептің құрылысы басталды

Жаңа кампус құрылысының арқасында IQanat мектебі өз сыйымдылығын қосымша 120 орынға арттырып, 2023 жылдың күзінде Қазақстанның барлық ауылдарынан жаңа оқушыларды қабылдай алады. Кампус ауыл балаларын қызықтыратын және дамытатын орынға айналады, оның құрамында жеке планетарий, 420 орындық амфитеатр, 7 мың кітап қоры бар кітапхана, STEM жабдықталған зертханасы болады. Мұның барлығы балалардың білім сапасына айтарлықтай әсер етеді. Сондай-ақ 400 бала қосымша білім алу үшін жыл бойы мектепке келе алады.

Бурабайда ауыл балаларына арналған тағы бір мектептің құрылысы басталды

Бүгінгі сапалы білім – ертеңгі табысты болашақтың кепілі. Осы орайда IQanat мектебі Қазақстандағы ең озық мектептердің бірі болып табылады. Мұнда ауыл балаларының білім, білік, дағдыларын меңгеруіне және дарындылығын дамытуға барлық жағдай жасалған. Ең бастысы - мектеп еліміздің түкпір-түкпірінен келген балаларға бірдей мүмкіндік береді. Бүгінгі күні, ауыл оқушыларының 80%-дан астамы IQanat-та тегін білім алып, түлектер отандық және шетелдік ірі университеттердің грант иегерлері атанады. Freedom House-тың тағы бірнеше жүз ауыл балаларын қамтуды арттыруының арқасында біз елдің зияткерлік, іскер немесе саяси элитасына айналатын жас ақылды балаларды көбейте аламыз, - деді Freedom Holding Corp бас атқарушы директоры Тимур Турлов.

Бурабайда ауыл балаларына арналған тағы бір мектептің құрылысы басталды

Сонымен қатар IQanat жобасының бастамашысы және қамқоршысы Айдын Рахымбаев жобаның басты идеясы – ол ұрпақтар сабақтастығы екенін айтты.

IQanat ауылдағы білім беру мәселелерін шеше алатын барлық қазақстандық қамқор кәсіпкерлерді біріктіреді және болашақта  осы миссияны жүзеге асыратын ауылдың жаңа белсенді де жігерлі жастарын тәрбиелейді, - деді ол.

Бурабайда ауыл балаларына арналған тағы бір мектептің құрылысы басталды
Бурабайда ауыл балаларына арналған тағы бір мектептің құрылысы басталды
Өзгелердің жаңалығы