Бурабай көлінде балықтардың қырылуына қатысты талдау жүргізілді

21 Қыркүйек 2020, 17:18
1702
Бөлісу:
Бурабай көлінде балықтардың қырылуына қатысты талдау жүргізілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлеуметтік желілерде Щучье-Бурабай курорттық аймағының көлінде балықтардың қырылғаны туралы ақпаратқа «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі Facebook-тегі парақшасында жауап берді.

Әлеуметтік желілерде Щучье-Бурабай курорттық аймағының көлінде балықтардың қырылғаны туралы хабарламаға байланысты, 2020 жылғы 14 қыркүйекте «Қазгидромет» РМК Ақмола облысы бойынша филиалы Бурабай көлінің 5 нүктесінде жерүсті суларының сынамаларына жоспардан тыс іріктеу және талдау жүргізді, - деп жазды ведомствода.

Талдау жүргізілген нүктелер:

1-нүкте: балықтардың қырылу орны;

2-нүкте: балықтардың қырылу орнынан оңға қарай 250 м;

3-нүкте: балықтардың қырылу орнынан оңға қарай 500 м;

4-нүкте: балықтардың қырылу орнынан солға қарай 250 м;

5-нүкте: балықтардың қырылу орнынан солға қарай 500 м.

Қазгидрометтің хабарлауынша, ОБТ5 бойынша суды талдау нәтижелері норма шегінде (2,22-5,67 мг/дм3) және ауыр металдар шоғырлануының асып кетуі анықталмаған.

Өзгелердің жаңалығы