Бурабай ауданында саяжай өртенді

2 Қаңтар 2025, 21:20
340
Бөлісу:
Бурабай ауданында саяжай өртенді
Фото: ТЖМ

Ақмола облысында ТЖМ қызметкерлері өрттің таралуына жол бермеді, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Бурабай ауданы Зеленый Бор ауылындағы саяжай кооперативінде өрт шықты. Өрт бір шатырдың астындағы саяжай үйін, моншаны және аула құрылыстарын шарпыды. Өрт сөндірушілер келген кезде үй толығымен өртке оранып, қалың түтін шығып жатты.

Өрт сөндірушілер 300 шаршы метр алаңдағы өртті жедел түрде сөндіріп, жақын маңдағы саяжай үйлеріне өрттің таралуына жол бермеді. Зардап шеккендер жоқ, себебі анықталуда. ️Төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне хабарласыңыз! , — делінген ТЖМ таратқан ақпаратта.

Өзгелердің жаңалығы