Бұқтырма су қоймасында екі бала құтқарылды

Балалардың ата-аналары құтқарушылардың көмегіне жүгінді

 ТЖМ 6 Маусым 2025 2025, 18:13
6 Маусым 2025 2025, 18:13
630
Фото: ТЖМ

ШҚО Алтай ауданы Бұқтырма су қоймасында кәмелетке толмағандардың қатысуымен оқиға орын алды: SUP-бордта сырғанау кезінде екі баланы қатты жел мен ағыс жағадан алып кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Балалардың ата-аналары құтқарушылардың көмегіне жүгінді. Оқиға орнына жедел-құтқару жасағының қызметкерлері жедел шықты.

Құтқарушылар балаларды моторлы қайықтың көмегімен аман-есен жағаға жеткізді. Оларға медициналық көмек қажет болған жоқ. Тексерістен кейін балалар ата-аналарына берілді.

ТЖМ еске салады:

Балаларды судың қасында қараусыз қалдырмаңыз;

Қайқпен, катамарандармен және SUP-бордтармен сырғанағанда құтқару кеудешелерін пайдаланыңыз;

Ауа райы жағдайы мен желдің күшін қадағалаңыз;

Наверх