Бұқтырма су қоймасында 4 балықшы құтқарылды

ШҚО құтқарушылары жағалаудан алыс кетіп қалған балықшыларға көмекке келді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 видеодан кадр 29 Қыркүйек 2024 2024, 21:46
29 Қыркүйек 2024 2024, 21:46
692
Фото: видеодан кадр

ШҚО құтқарушылары жағалаудан алыс кетіп қалған балықшыларға көмекке келді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Төтенше жағдайлар министрлігі таратқан мәліметке сүйенсек, Бұқтырма су қоймасының «Қаракөл» шығанағында 4 балықшы құтқарушылардың көмегіне жүгінді.

Белгілі болғандай, қозғалтқыштың ақаулығына байланысты олар жағаға жете алмаған.

ТЖМ қызметкерлері оларды жағаға аман-есен жеткізді. Балықшылар медициналық көмекке мұқтаж емес, - делінген ведомство хабарласында.

ТЖМ судағы қауіпсіздік сақтау үшін бірнеше кеңес ұсынады:

  • Қайықта құтқару күртешесін кию;
  • Қатты жел кезінде суға шықпау;
  • Сапар алдында жүзу құралының жарамдылығын тексеру қажет.
Наверх