Су тасқыны қаупін алдын алу үшін Шығыс Қазақстандағы Алтай ауданында мұз жару жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ Altaynews.kz-ке сілтеме жасап.
Бұқтырма өзенінде мұзды ұсақтау бойынша жарылыс жұмыстары басталды.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, қазір Алтай ауданында су бұру арналарын, көпірлерді, арық жүйелерін, су өткізу құбырларын тазарту сияқты жұмыстар жүргізілуде.
Бұқтырма өзенінде мұзды ұсақтау бойынша жарылыс жұмыстары басталды. Тұрғысын ауылының маңында 20 мың шаршы метр аумақта мұз жарылды, - деді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.
Тағы төрт күн ішінде өзендегі жарылыс жұмыстары Малеевск, Богатырев, Быков және Зубовск ауылдарының маңында өтеді. Құтқарушылардың айтуынша, Алтай ауданында 12 елді мекенде су тасқыны болуы мүмкін.