Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Бұқар жырау ауданында биыл 50 шақырымға жуық жол жөнделеді

8 Шілде 2025, 14:27
488
Бөлісу:
 gov.kz
PHOTO
Фото: gov.kz

Бұқар жырау ауданында аудандық және кентішілік маңызы бар автожолдарды жөндеу жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 Биыл 50 шақырымға жуық жол жабынын ретке келтіру жоспарланған.

Бұқар жырау ауданында биыл 50 шақырымға жуық жол жөнделеді

Биыл ауданда 48,6 шақырым автожолды жаңартып жатырмыз. Бұл - кентішілік учаскелер мен ауылдарға кіреберіс жолдар. Қалған жолдар кезең-кезеңмен жөнделеді, – деді Бұқар жырау ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі бөлімінің басшысы Бақтияр Жаңбырбаев.

Бұқар жырау ауданында биыл 50 шақырымға жуық жол жөнделеді

"Ауыл – Ел бесігі" арнайы жобасы бойынша ағымдағы жылы сегіз елді мекенде 40,7 км елді мекен ішіндегі жолдар орташа жөнделіп жатыр. Көкпекті, Атамекен, Ақбел, Ақтөбе, Петровка, Жаңаталап, Центральный және Новоузенка ауылдарында жұмыстар басталды.

Бұқар жырау ауданында биыл 50 шақырымға жуық жол жөнделеді

Сондай-ақ, аудандық жолдарды жөндеу жоспарланған.

Бұқар жырау ауданында биыл 50 шақырымға жуық жол жөнделеді

Жаңарту Төрткөл, Ақжар ауылдарына және Үштөбе ауылындағы өнеркәсіптік аймаққа кіреберіс учаскелерін қамтиды. Төрткөл мен Үштөбеге баратын жолдардағы жұмыстар аяқталу сатысында. Ғабиден Мұстафин атындағы ауылдағы жайлы мектепке кіреберіс жолдың жөндеу жұмыстары жалғасуда.

Бұқар жырау ауданында биыл 50 шақырымға жуық жол жөнделеді

Құрылыс және жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін жол жабынының сапасына зертханалық сынақтар жүргізіледі. Ол үшін мамандар асфальт үлгілерін алып, стандарттарға сәйкестігін тексереді.

Бұқар жырау ауданында биыл 50 шақырымға жуық жол жөнделеді
Бұқар жырау ауданында биыл 50 шақырымға жуық жол жөнделеді
Өзгелердің жаңалығы