Буллинг, суицид. Көлгінов балалардың қауіпсіздігі мәселесін көтерді

12 Қаңтар 2023, 19:41
1834
Бөлісу:
Буллинг, суицид. Көлгінов балалардың қауіпсіздігі мәселесін көтерді

Оқу-ағарту министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында Премьер-министрдің орынбасары Алтай Көлгінов балалардың қауіпсіздігі мәселесін көтеріп, әріптестеріне тапсырма берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ол кеңейтілген алқа отырысында балалардың қауіпсіздігі мәселелеріне тоқталып өтті.

Бұл (Балалардың қауіпсіздігі – ред.) қоғамда көтеріліп жүрген өткір мәселелердің бірі. Балалар үшін қауіпсіз орта құру - кезек күттірмейтін маңызды мәселе. Өкінішке қарай, ақпараттық кеңістікте оқушылар арасында қысым көрсету, балаларға қатысты зорлық фактілері туралы, жасөспірімдер арасындағы суицид тақырыбы резонанс тудыратын жағдайлар әлі де кездеседі, - деп түсіндірді Үкімет басшысының орынбасары.

Көлгінов Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу, олардың құқықтары мен әл-ауқатын қамтамасыз ету жөнінде кешенді жоспар жобасы әзірленгенін айтты.

Оқу-ағарту министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірге кешенді жоспарды сарапшылардың, қоғамның сын-ескертпелерін ескере отырып, қайта пысықтап, Үкіметке ұсынуға тиіс. Өңірлік әкімдіктер білім беру ұйымдарында қауіпсіздікті қамтамасыз етуді 1 наурызға дейін толық шешуі қажет. Ірі қалалардағы білім ұйымдары мамандандырылған күзетпен қамтылып, бейнебақылау жүйелері ішкі істер органдарының орталық жедел басқармасына қосылуы керек, - деп тапсырма берді Алтай Көлгінов кеңейтілген алқа отырысында.

Өзгелердің жаңалығы