Павлодар облысында полиция ер адамды өзінің кішкентай қызын өлтірді деген күдікпен қамауға алды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Аталған дерек бойынша полиция қылмыстық іс қозғады.
Алдын ала мәліметтерге сәйкес, 21 қыркүйек күні Тереңкөл ауылындағы үйден дене жарақаттарын алған жәбірленуші ауруханаға жеткізілген. Алайда ол есін жимастан көз жұмды. Аталған қылмысты жасады деген күдікпен жәбірленушінің әкесі анықталып, ұсталды және сот санкциясымен қамауға алынды, - деп хабарлады Павлодар облысының ПД баспасөз қызметі.
Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталатын болады.