Бұл жыл коронавирустан біржола арылудың жылы болуға тиіс - Тоқаев

1 Сәуір 2021, 16:24
1540
Бөлісу:
Бұл жыл коронавирустан біржола арылудың жылы болуға тиіс - Тоқаев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус індетіне қарсы іс-қимыл жөніндегі жиын барысында азаматтарды екпе мәселесіне жауапкершілікпен қарауға шақырды.
Азаматтарымызды екпе мәселесіне жауапкершілікпен қарап, түрлі қауесеттерден аулақ болуға шақырамын. Біз, ең алдымен, мына нәрсені түсінуіміз керек: халқымыздың денсаулығы мен материалдық игілігі жаппай вакцинациялауды табысты өткізуімізге байланысты, - деді ол. 
Мемлекет басшысы бұл жыл коронавирустан біржола арылудың жылы болуға тиіс екенін қадап айтты. 

Биыл – қастерлі Тәуелсіздігімізге 30 жыл. Бұл жыл пандемиямен күрестегі түбегейлі бетбұрыстың және коронавирустан біржола арылудың жылы болуға тиіс деп санаймын, - деп қорытындылады Президент. 
Қасым-Жомарт Тоқаев бұған дейін иммундау қарқыны бойынша Қазақстан көшбасшы мемлекеттерден едәуір артта қалғанын мәлімдеген болатын. Ол сонымен қатар, елдегі жағдайдың мүшкіл екенін де жеткізді.

Өзгелердің жаңалығы