Жемқорлықты қойып, өркениетті өмір сүруге көшуіміз керек – Қайрат Құдайберген

24 Ақпан 2021, 12:44
1714
Бөлісу:
Жемқорлықты қойып, өркениетті өмір сүруге көшуіміз керек – Қайрат Құдайберген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алматы мәслихатының депутаты, кәсіпкер Қайрат Құдайберген «AntikorLive» жобасында айтты.

«Бұл – жемқорлық емес, дәстүр» деген сөзден құтылу керек. Дәстүрдің де әртүрлісі болады. Бұл іс-қимылдарды қойып, өркениетті өмір сүруге көшуіміз керек. Бұл орайда цифрландыру өте ерекше маңызға ие. Бұл Антикор мен қызметкерлер жұмысының нәтижесінде жүзеге асып жатыр деп ойламын. Әрине, нәтиже бар. Алайда алдымызда ауқымды жұмыс тұр. Қазір ұсақ-түйек емес, ірі жемқорлықпен күресуіміз керек, - деді  Құдайберген. 

Кәсіпкердің айтуынша, қазір мемлекеттік орган қызметкерлердің бизнеспен қарым-қатынасына қатысты нормативтік актілер бар. 

Қазір барлық қызметті онлайн алуға болады. Бұрын айыппұлды тезірек төлеу үшін тағы бірдеңе беруің керек еді. Ал нөмір алу үшін кезекте тұратын едік. Ал ерекше нөмір алу үшін полиция қызметкерін тауып, оған сол нөмерді алғаныңа да бірдеңе беруің керек еді. Ал қазір барлығын автоХҚКО арқылы аз уақыттың ішінде жүзеге асырылады, - деді ол. 

Құдайберген өңірлерде цифрландыруды енгізіп, ауқымды жұмыс атқарылуы керектігін айтты. 

Цифрландыру жемқорлықтың алдын алды. Бұл ұсақ-түйек дүниелер сияқты, алайда жұмысты кішкентай заттардан бастау керек. Антикор өңірлерде цифрландыруды енгізіп, ауқымды жұмыс атқаруы керек, - деді ол.



Өзгелердің жаңалығы