Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Наурыз мейрамына орай мемлекеттік наградаларды табыстау рәсімі кезінде Бибігүл Дандығараеваны «Парасат» орденімен марапаттады.
Парламент Мәжілісінің депутаттары Берік Әбдіғалиұлы, Еділ Жаңбыршинге «Парасат» ордені берілді. Сонымен қатар Мемлекеттік орталық музей директорының орынбасары Бибігүл Дандығараева марапатталды.
Оның ерлігі мен отансүйгіштігі арқасында қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезіндегі музейдің құнды экспонаттары сақталып қалды. Бұл – нағыз ерлік, - деп атап өтті Мемлекет басшысы.
Тоқаев Спортты дамыту дирекциясы пауэрлифтинг командасының жетекшісі Сергей Цырульников ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.
Сергей біздің елімізде ғана емес, сонымен қатар әлемде танымал. Ол қазақ спортының әлемде танымал болуына көп еңбегін тигізіп келеді. Ал танымал қоғам белсенділері Уайс Ерсайынұлы, Ауыт Мұқибек «Құрмет» орденімен марапатталды, - деп айтты Президент.
Сонымен қатар «Құрмет» орденімен «қаңтар оқиғасы» кезінде ерлік көрсеткен Дамир Аманжолов марапатталды.
Сондай-ақ «Құрмет» орденімен Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының директоры Талғат Қалиев, Адам құқықтары үшін хартияның атқарушы директоры Жеміс Тұрмағамбетова марапатталды. Одан бөлек, Атырау қаласындағы Іскер компаниясының күзетшісі Азамат Топасовқа және БҚО-дағы спорт мектебінің директоры Асхат Шахиевке «Ерен еңбегі үшін» медалі беріледі, - деп айтты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев.