Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті БАҚ өкілдеріне жер сілкінісіне байланысты брифинг өткізіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бұл көрші мемлекеттің жер сілкінісі. Қытай мен Қырғызстан шекарасында болды. Елге жету себебі, біріншіден, жер сілкінісінің тереңдігі 5 км болды. Сонымен қатар күші 7 балға жеткендіктен, барлық Орта Азия мемлекеттерінде және Қазақстанда сезіліп отыр, - деді ТЖД қызметкері.
Жауапты өкіл Алматыда болған жер сілкінісін әлсіз деп бағалады.
Алматы сейсмикалық қауіпті аймаққа жатқандықтан, мұндай жер сілкіністері болып отырады және Алматы қаласына айтарлықтай қауіп әкеледі деп айтуға болмайды. Мұндай әлсіз жер сілкіністері Алматы қаласында болып тұрады, - деді ол.
Айта кетейік, бүгін Алматыда 23 қаңтар түнгі cағат 00:09 шамасында жер сілкінісі болды.