Бүкілхалықтық референдумды өткізу дұрыс деп есептеймін – заңгер 

18 Мамыр 2022, 17:21
1756
Бөлісу:
Бүкілхалықтық референдумды өткізу дұрыс деп есептеймін – заңгер 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін елордада Конституциялық реформаларды түсіндіру сұрақтары бойынша Республикалық қоғамдық қолдау штабы мүшелерінің елордалық зиялы қауым өкілдері және мәдениет ұйымдарының қызметкерлерімен кездесті.

Кездесуде заң ғылымдарының докторы, қоғам қайраткері Есберген Алауханов референдумға қатысты ойын айтты.

Жүргізіп жатқан әр насихат, түсіндіру жұмысы түкпір-түкпірдегі халыққа жетеді деп ойлаймын. Халық арасында заңды сұрақтар туындап жатыр: Неге қазір Конституцияны өзгертеміз? Неге мұндай жағдайға мәжбүр болдық? Өздеріңіз білетіндей, «қаңтар оқиғасынан» кейін заман өзгеріп жатыр. Заман өзгергеннен кейін адам да өзгеріп жатыр. Сондықтан 27 жылдан бері референдум болмаған. Конституцияға соңғы енгізілген өзгерістер Парламент арқылы енгізілгенін білеміз, - деді ол.

Есберген Алауханов осыны қарапайым халыққа дұрыс жеткізу керегін айтты.

Енді Президенттің Жолдауда айтқан тапсырмалары мен халыққа берген уәделері биыл, 2022 жылы іске асырылып жатыр. Соның  бірі – Конституцияны өзгерту мәселесі. «Неге біз Конституцияны бірден жаңаламаймыз?» деген сұрақ та туындайды. Конституцияны жаңалау үшін қоғамда көп жұмыс атқарылуы керек. Ол құжат жылдар бойы талқылануы қажет. Оны 1-2 айда талқылау мүмкін емес. Енді шұғыл түрде халықтың мұңын, мүддесін шешіп, қоғамдағы мәселелерді дер кезінде ретке келтіру үшін өзгертулер мен толықтыруларды бүкілхалықтық референдум арқылы өткізу дұрыс деп есептеймін, - деп толықтырды заңгер.

 

Өзгелердің жаңалығы