Бүкіл елді саяхаттап келе жатқан велошабандоз Қарағандыға жетті

15 Тамыз 2023, 09:29
1489
Бөлісу:
Бүкіл елді саяхаттап келе жатқан велошабандоз Қарағандыға жетті
Фото: Қарағанды облысы әкімдігі

Ақтөбелік велошабандоз Жұмабай Отарғалиев Қазақстан бойынша саяхатқа шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, ардагер-энтузиаст Қарағанды облысына жетті.

Жастардың 69-дағы саяхатшымен кездесуі Н. Әбдіров атындағы Қарағанды спорт сарайында өтті.

Бүкіл елді саяхаттап келе жатқан велошабандоз Қарағандыға жетті

Жұмабай Отарғалиев темір жол саласында 40 жылдан астам еңбек етіп, жылдар бойы спортпен шұғылданған. Зейнеткерлікке шыққанда ақсақал волейболмен айналысып, велосипедті тізгіндеп, армандарын орындай бастаған.

Бүкіл елді саяхаттап келе жатқан велошабандоз Қарағандыға жетті

Мен Қазақстанды велосипедпен аралауды армандадым. Саяхатқа шығу үшін көп дайындалған жоқпын. Онсыз да күн сайын велосипедпен жүремін, маған бұл өте ұнайды. Бұл Қазақстан бойынша бірнші саяхат, 2–3 мың км жүріп өттім. Қазір мен күніне 12–15 сағат жүремін, содан кейін демаламын. Айналамда туған дала, табиғат, жақсы адамдар. Ауа райы әрдайым қалыпты бола бермейді. Бірақ бұл менің сапарымның қуанышын бұзбайды, керісінше шыңықтырады. Сонымен қатар сапардың басында мен бата алдым. Бұл көп көмектеседі. Мен әрқашан ардагерлер кеңесінің мүшелерімен байланыстамын, – дейді ақсақал.

Бүкіл елді саяхаттап келе жатқан велошабандоз Қарағандыға жетті

Жұмабай Отарғалиев 21 маусымда Атыраудан бастау алды. Қазір ол Ақтөбе, Орал, Жезқазған, Қызылорда, Түркістан, Тараз, Өскемен, Семей, Павлодарда 6 мың шақырым жүріп өтті. Алда 3 мың шақырымнан астам жол және жаңа қалалар – Астана, Көкшетау, Петропавл, Қостанай. Атырауда велосаяхат аяқталады.

Бүкіл елді саяхаттап келе жатқан велошабандоз Қарағандыға жетті

Ардагер өзінің сапарын Сұлтан Бейбарыстың 800 жылдығына, Қазақстан астанасының 25 жылдығына және Шу – Мойынты теміржолының 70 жылдығына арнады.

Өзгелердің жаңалығы