Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Туризм саласы екінші жыл қатарынан COVID-19 пандемиясынан зардап шегуде. Бұл сала 2020 жылы әуе қатынасы тоқтатылған кезде айтарлықтай шығынға ұшырады. Бұл туралы ВАК хабарлады.
Бүкіл әлемде халықаралық туристер саны 73%-ға азайды. Мұндай мәліметтер Бейжіңнің ынтымақтастық және туризмді дамыту жөніндегі дүниежүзілік конференциясында айтылды.
2020 жылы әлемдік туризм индустриясына инвестициялар жылдық есеппен 29,3%-ға азайды, ал туризммен байланысты қонақ үй кәсіпорындары мен тамақтану кәсіпорындарының кірісі 2019 жылмен салыстырғанда 46,3% - ға төмендеді, - деді Дүниежүзілік туристік қалалар федерациясының Сараптамалық комиссиясы өкілдерінің бірі.
Сонымен қатар елдерде ішкі туристер саны 60%-ға дейін өскен.