Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Бүгіннен бастап зейнетақы, жалақы мен АЕК мөлшері өзгереді

Бөлісу:
 BAQ.KZ
Фото: BAQ.KZ

Елімізде «2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң күшіне енді. Бүгіннен бастап бірқатар төлем мөлшері өзгереді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Құжатқа сәйкес, 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап негізгі есептік көрсеткіштердің мөлшері белгіленді.

Атап айтқанда:

  • ең төменгі жалақы мөлшері – 85 000 теңге (өзгеріссіз);
  • айлық есептік көрсеткіш (АЕК) – 4 325 теңге (2025 жылы – 3 932 теңге);
  • мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері – 35 596 теңге (2025 жылы – 32 360 теңге);
  • ең төменгі зейнетақы мөлшері – 69 049 теңге (2025 жылы – 62 771 теңге);
  • күнкөріс минимумы – 50 851 теңге (2025 жылы – 46 228 теңге).

Заңда жасына байланысты зейнетақы төлемдері мен еңбек сіңірген жылдары үшін тағайындалатын зейнетақы төлемдеріне бөлінетін қаражат 10 пайызға арттыруды ескере отырып қарастырылғаны көрсетілген.

Сондай-ақ мемлекет тарапынан міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне аударылатын жарналар мөлшері есептеу объектісінің 2 пайызы деңгейінде белгіленді.

Өзгелердің жаңалығы