Бүгіннен бастап елімізде вейпке ресми түрде тыйым салынды

20 Маусым 2024, 12:14
1838
Бөлісу:
Бүгіннен бастап елімізде вейпке ресми түрде тыйым салынды
Фото: pixabay.com

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев вейпке тыйым салатын заңға қол қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Денсаулық сақтау мәселесіне қатысты заңда темекі өнімдерін, вейптерді, хош иістендіргіштерді және оларға арналған сұйықтықтарды сатуға, таратуға, сондай-ақ оларды жарнамалауға тыйым салу қарастырылған. 

Бұл шектеу хиттер немесе темекі қыздыру жүйесіне (IQOS, GLO, PLOOM, iFuse) қатысты емес. 

Тыйымның негізгі себебі - болашақ ұрпақтың денсаулығын сақтау. 

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 11 мен 15 жас аралығындағы жасөспірімдердің шамамен 10%-ы тұрақты түрде вейп шегеді. 

Жасөспірімдер арасында электронды темекі қолданудың өсуі жаһандық проблемаға айналған.

Өзгелердің жаңалығы