Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгіннен бастап Ақтөбе, Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстары мен Шымкент, Ақтау және Түркістан қалаларында банкоматтарды қолма-қол ақшамен қамтамасыз ету жүргізіліп жатыр.
Бұл туралы Ұлттық банкінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Қазақстан Ұлттық Банкі қаржы жүйесінің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету жөніндегі Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында жағдайы тұрақты жекелеген аймақтарда, атап айтқанда, 8 қаңтардан бастап Ақтөбе, Қызылорда, Шығыс-Қазақстан облыстары мен Шымкент, Ақтау және Түркістан қалаларында екінші деңгейлі банктермен банкоматтарды қолма-қол ақшамен қамтамасыз ету бойынша жұмыстардың жалғасып жатқанын хабарлайды», делінген мәліметте.