Бүгінгі валюта бағамы қандай

Бүгiн, 13:40
136
Бөлісу:
Бүгінгі валюта бағамы қандай
Фото: BAQ.KZ

Астана мен Алматының ақша айырбастау орындары бүгінге валюта сату және сатып алудың орташа теңгерімді бағамын жария етті.

Kurs.kz мәліметіне қарағанда, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау орындарында долларды орташа есеппен 499,5 теңгеге сатып, 501,5 теңгеге сатып алуға болады. Ал Астананың ақша айырбастау орындары 1 долларды орташа есеппен 497 теңгеге алып, валюта қажетсінген адамдарға 503 теңгеден сатып жатыр.

Ал еуроны Алматының ақша айырбастау орындары 520,5 теңеден алып, 524,5 теңгеге сатса, елордада бұл валютаның сатып алу-сату бағамы 517 мен 527 теңге аралығында құбылып тұр.

Ресей рубліне келер болсақ, ол Алматыда 4,90 теңгеден сатып алынып, 5,01 теңгеге, Астанада 4,83 теңгеге сатып алынып, 4,96 теңгеге саудаланып жатыр.

Айта кетерлігі, Ұлттық банктің аталған валюталардың ресми бағамы 1 доллар үшін – 498,34 теңгені, 1 еуро үшін – 519,72 теңгені, ал 1 рубль үшін 4,85 теңгені құрайды.

 

Өзгелердің жаңалығы