Бүгінгі күні бүкіл әлемде саяси партиялар жаңа міндеттерге тап болып отыр – Елбасы

21 Тамыз 2019, 11:32
3773
Бөлісу:
Бүгінгі күні бүкіл әлемде саяси партиялар жаңа міндеттерге тап болып отыр – Елбасы
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада Елбасы, «Nur Otan» партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен партия саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр. 

Жиынды еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев ашты.

«Өмір бір бір орында тұрмайды, барлығы өзгереді. Бүгінгі күні бүкіл әлемде саяси партиялар жаңа міндеттерге тап болып отыр. Халықаралық тәжірибе көрсеткендей тұрақсыздық кезеңінде алға жылжу үшін жетекші саяси күш ішінде, жалпы қоғамда бірлік болу керек. Онсыз үлкен мақсаттарға қол жеткізу мүмкін емес. Жаңа саяси жағдайларда партия рөлі арта түсуде. Бүгін кеңейтілген отырысымызда партия алдында тұрған міндеттерді талқылауды және алдағы қадамдарымызды бекітуді ұсынамын», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Елбасы отырыстың күн тәртібінде үш мәселе қаралатынын айтты. Бірінші мәселе – партияның сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру барысы, екінші мәселе – партияны жаңғырту, үшінші мәселе – саяси кеңес бюро құрамына өзгерістер енгізу.

Бұған дейін Назарбаев бүгінгі жиында ел дамуының негізгі бағыттары талқыланатынын айтқан еді. 

Атап өтсек, биыл 16 тамызда Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен «Nur Otan» партиясы саяси кеңесі бюросының отырысы өткен болатын. Басқосуда партия бағдарламаларын жүзеге асыру барысы және алдағы кезеңдегі жұмыстың басым бағыттары қаралды. Елбасы «Nur Otan» партиясы 20 жыл ішінде еліміздің қуатты саяси күшіне айналғанын атап өтті. Бұған қоса, жаһандық өзгерістерге байланысты партия алдында жаңа әрі күрделі міндеттер тұрғанын айтты. Назарбаев азаматтардың сұраныстарына да уақтылы жауап беру қажет деді.

Сондай-ақ, Мәжіліс пен мәслихат сайлауына сапалы дайындалудың маңыздылығын атап өтті. Елбасы барлық мүдделі азаматтарды мемлекеттің өзекті әлеуметтік-экономикалық проблемаларын шешу үшін партияға қосылуға шақырды. Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің өңірлеріндегі тұрғындардың проблемаларын шешу үшін «Nur Otan» партиясының жұмысын жандандыру қажеттігін айтты. Сонымен бірге, «Nur Otan» партиясының төрағасы қоғамның партияға деген сенімін арттыру үшін ақпараттық-идеологиялық стратегияны қабылдау маңыздылығына баса мән берді.
Өзгелердің жаңалығы