Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 513 – 523 теңгеден саудаланып жатыр.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 516,7 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 519,7 теңге. Еуро 540,5 — 547,5 теңге аралығында құбылып тұр.
Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 513 теңге, сатып алу құны — 523 теңге. Еуро 539 теңгеден сатылып, 549 теңгеден сатып алынады.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 4,90 - 5,00 аралығында саудаланып жатыр.
Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 15,25%-ға дейін көтерді.