Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Бүгін – жеңіл өнеркәсіп және мал шаруашылығы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі

8 Маусым 2025, 09:13
808
Бөлісу:
 Артем Чурсинов / архив
Фото: Артем Чурсинов / архив

Бүгін Қазақстанда жеңіл өнеркәсіп пен мал шаруашылығы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі аталып өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бүгін елімізде екі маңызды саланың мамандары – жеңіл өнеркәсіп пен мал шаруашылығы қызметкерлері кәсіби мерекелерін атап өтуде.

Дәстүрге сай, маусым айының екінші жексенбісі Жеңіл өнеркәсіп қызметкерлері күні мен Малшылар күні ретінде белгіленген.

Жеңіл өнеркәсіп – тоқыма, киім-кешек, аяқ киім және арнайы киім өндірісін қамтитын, халықтың күнделікті қажеттілігін өтейтін маңызды сала. Бұл бағытта еңбек етіп жүрген мамандардың тынымсыз еңбегі еліміздің әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығына айтарлықтай үлес қосып келеді.

Ал мал шаруашылығы – елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ететін стратегиялық сала. Малшылардың еңбегі арқылы қазақстандықтар сапалы әрі табиғи өнімдермен қамтылып отыр.

Өзгелердің жаңалығы