Бүгін жел күшейіп, көктайғақ болады

3 Қаңтар 2022, 10:03
1362
Бөлісу:
Бүгін жел күшейіп, көктайғақ болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Синоптиктер 3 қаңтарда болатын ерекше метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, деп хабарлайды Қазгидромет.

ҚР солтүстік-батыс және оңтүстік аудандарына циклон әсер ете бастайды – жауын-шашын жауады, желдің күшеюі, көктайғақ және температураның жоғарылауы күтіледі. Еліміздің калған территориясында аязды, көбінесе жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша кей жерлерде тұман күтіледі. 

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында жел 15-20 м/с күшейеді, түнде шығысы мен оңтүстік-шығысында көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. 

Атырау облысының батысында, солтүстігінде жел 15-20 м/с күшейеді, жаяу бұрқасын, көктайғақ, оңтүстігінде – тұман күтіледі. 

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде жел 15-20 м/с, жаяу бұрқасынмен, оңтүстігінде тұман күтіледі. 

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ, батысында жел 15-20 м/с күтіледі. 

Түнде Ақтөбе облысының батысы мен солтүстік-батысында жаяу бұоқасын күтіледі. 

Алматы облысының солтүстігі мен таулы аудандарында түнде және таңертең тұман күтіледі, Алакөл маңында жел 18-23, екпіні 29 м/с дейін күшейеді. 

Жамбыл облысының солтүстігі мен таулы аудандарында тұман, көктайғақ, оңтүстік-батысы мен таулы аудандарында жел 15-20 м/с күшейеді. 

Маңғыстау облысының солтүстік-батысы мен орталығында түнде және таңертең тұман, күндіз батысын мен солтүстігінде желдің 15-20 күшеюі күтіледі. 

Ақмола облысының солтүстігінде жел 15-20 м/с, күндіз батысы мен оңтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі. Түнде Түркістан облысының солтүстігінде тұман күтіледі. 

Қарағанды облысының оңтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі. 

Қызыолрда облысының солтүстігінде көктайғақ, орталығында тұман күтіледі.

Өзгелердің жаңалығы