Бүгін үш қалада ауа сапасы төмендейді

"Қазгидромет" РМК Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына қатысты болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 pixabay.com 28 Қыркүйек 2025 2025, 08:48
28 Қыркүйек 2025 2025, 08:48
656
Фото: pixabay.com

"Қазгидромет" РМК Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына қатысты болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2025 жылғы 28 қыркүйекте қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Ақтөбе, Алматы, түнде Атырау қалаларында күтіледі, – делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Наверх