Бүгін үш қалада ауа сапасы нашарлайды

Бүгiн, 06:25
179
Бөлісу:
Бүгін үш қалада ауа сапасы нашарлайды
Фото: архив

30 тамыз, жұма күні Қазақстан аумағының басым бөлігінде қолайлы метеорологиялық жағдай сақталады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі таратқан мәліметке сәйкес, 30 тамыз, жұма күні еліміздегі қалалардың басым көпшілігінде метеорологиялық ахуал бірқалыпты болады.

Тек Алматы, Атырау, Ақтөбе қалаларында ғана ауа сапасы біршама нашарлайды.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Өзгелердің жаңалығы