Бүгін үш қалада ауа сапасы нашарлайды

Бүгін, 17 сәуірде Қазақстанның бірқатар қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар тіркеледі.

 istockphoto.com 17 Сәуір 2025 2025, 08:30
17 Сәуір 2025 2025, 08:30
929
Фото: istockphoto.com

Бүгін, 17 сәуірде Қазақстанның бірқатар қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар тіркеледі. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Синоптиктердің болжамынша, Орал, Ақтөбе және Алматы қалаларында ауа ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары (ҚМЖ) күтілуде.

ҚМЖ – атмосфералық ауаның төменгі қабатында зиянды заттардың жиналуына әкелетін ауа райы құбылыстарының (әлсіз жел, тұман, инверсия) жиынтығы. Мұндай жағдайда ауа сапасы нашарлап, тұрғындардың денсаулығына теріс әсер етуі мүмкін.

Мамандар тұрғындарға далада ұзақ жүрмеуге, әсіресе балалар мен созылмалы ауруы бар адамдарға сақ болуға кеңес береді.

Наверх