Бүгін Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысы онлайн өтеді

22 Қазан 2020, 09:52
1670
Бөлісу:
Бүгін Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысы онлайн өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Facebook парақшасында жазды.

Бүгін сағат 11.00-де Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің төртінші отырысына қатысады.  Шара барысында мемлекеттік басқару реформасы, әлеуметтік және экологиялық мәселелерді шешу, балалардың құқықтарын қорғау, ерекше мұқтаждығы бар адамдарды қолдау және т.б. мәселелер қаралады. Отырыс Президенттің баспасөз қызметінің  Facebook-тегі AkordaPress парақшасында көрсетіледі, - деп жазды ол.

Өзгелердің жаңалығы