Бүгін төрт қалада ауа сапасы нашарлауы мүмкін

«Қазгидромет» РМК ел қалаларындағы ауа сапасына болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 BAQ.KZ. 28 Маусым 2024 2024, 06:22
28 Маусым 2024 2024, 06:22
687
Фото: BAQ.KZ.

«Қазгидромет» РМК ел қалаларындағы ауа сапасына болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

28 маусымда Алматы, Риддер, Өскемен, Павлодар қалаларында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтілуде.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Наверх