Бүгін тек Алматыда ауа сапасы нашарлайды

олайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

 pixabay 22 Ақпан 2026, 08:48
22 Ақпан 2026, 08:48
875
Фото: pixabay

"Қазгидромет" РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2026 жылғы 22 ақпанда ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары Алматы қаласында күтіледі,–  делінген хабарламада.

 

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Наверх