Бүгін Шымкентте ауа сапасы нашарлайды

10 қарашада Қазақстанның барлық дерлік аумағында қолайлы метеорологиялық жағдай қалыптасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

10 Қараша 2023 2023, 08:49
АВТОР
 10 Қараша 2023 2023, 08:49
10 Қараша 2023 2023, 08:49
807

10 қарашада Қазақстанның барлық дерлік аумағында қолайлы метеорологиялық жағдай қалыптасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Қазгидромет» РМК мәліметіне сүйенсек, жұма күні ауа сапасы тек Шымкент қаласында нашарлайды. Өзге қалаларда метеоахуал норма шегінде болады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Наверх