Бүгін Сербияда аза тұту күні жарияланды

2 Қараша 2024, 11:14
423
Бөлісу:
Бүгін Сербияда аза тұту күні жарияланды
Фото: видеодан кадр

Сербияның Нови-Сад қаласындағы теміржол вокзалының кіреберісіндегі бетон шатырдың құлап, салдарынан 14 адам қаза тауып, кем дегенде 30-ы жараланды, деп хабарлайды BAQ.KZ Euronews арнасына сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға 1 қараша күні түс ауа болған. 2 қараша жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды.

Вокзал ғимараты 2021 жылы қайта жөндеуден өтті, одан кейін 5 шілдеде ресми ашылуы үшін биыл тағы жөндеуден өткен екен.

Сербия премьер-министрі Милош Вучевич бұл «Нови Садтың соғыстан кейінгі тарихындағы ең қиын күндердің бірі» екенін айтты. Құлаудың себептері анықталып, кінәлілер жазаланатынына уәде берді.

Өзгелердің жаңалығы