Бүгін күрделі жөндеуден соң Қызылорда-Жезқазған тасжолы салтанатты түрде ашылады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Тәуелсіздік алғаннан бері осы тас жол мәселесі қалың елді алаңдатып келіп еді. Соңғы жылдары бұл жоба тікелей Мемлекет басшысының тапсырмасымен қолдау тауып, жөндеу жұмыстары басталып кеткен болатын.
Бүгін Қызылорда облысына тиесілі 216 шақырым жол қайта жаңғыртудан кейін аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен салтанатты түрде ашылды.
Бұрын Қызылордадан Астанаға шыққан жолаушы жолды 20 сағаттан артық жүріп өтетін болса, енді 15-16 сағатта жетеді.
Ал Ұлытау облысына тиесілі аймақтағы шақырымдарға тиісті мекеме бекітіліп, енді ғана жөндеу жұмыстары басталып жатыр. Егер жөндеу жұмыстары толық аяқталса екі қала арасындағы жол 12 сағатқа қысқармақ.