Бүгін – Құтқарушылар күні

19 Қазан 2023, 08:20
1210
Бөлісу:
Бүгін – Құтқарушылар күні
Фото: Арман Мухатов

Айтулы күнге орай ТЖ министрі Сырым Шәріпхановтың Құтқарушыларды кәсіби мерекелерімен құттықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Құрметті әріптестер, ардагерлер, Сіздерді Құтқарушылар күнімен шын жүректен құттықтаймын! Ең алдымен, қиын, қауіпті қызметтеріңіз үшін, жүктелген міндеттер мен функцияларыңызды лайықты, адал орындайтындарыңыз үшін барлықтарыңызға алғыс айтамын. Соңғы уақытта біздің елде ғана емес, көрші мемлекеттерде де болып жатқан төтенше жағдайлар біздің жүйеміз үшін үлкен сынақ болды. Бірақ сіздер, біздің қызметкерлер күн демей, түн демей кез келген уақытта көмекке келуге дайын екендіктеріңізді және әр адамның өмірін сақтап қалу үшін күресетіндеріңізді көрсеттіңіздеру. Адалдық, батылдық пен ержүректік таныта отырып, қызметтік міндеттеріңізді абыроймен орындауды жалғастыра беріңіздер. Сіздерге зор денсаулық, бақыт, амандық, сәттілік және төтенше жағдайлардың аз болуын тілеймін, - деліген министрдің құттықтауында.

Өзгелердің жаңалығы