Бүгін Қазақстанның жеті қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – желсіздік, баяу жел, тұман және температуралық инверсия сияқты қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың үйлесуі. Мұндай жағдайлар атмосфераның жерге жақын қабатында зиянды заттардың жиналуына ықпал етеді.

 unsplash.com 10 Қазан 2026, 08:10
10 Қазан 2026, 08:10
300
Фото: unsplash.com

10 қазанда Қазақстанның жеті қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай болжанып отыр. Осыған байланысты тұрғындарға күнделікті қозғалысын жоспарлау кезінде ауа райы факторларын ескеру ұсынылады. Бұл туралы BAQ.KZ «Қазгидромет» РМК мәліметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Синоптиктердің болжамы бойынша, 10 қазанда Алматы, Астана, Атырау, Ақтөбе, Теміртау және Қарағанды қалаларында, сондай-ақ түнде Жезқазғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – желсіздік, баяу жел, тұман және температуралық инверсия сияқты қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың үйлесуі. Мұндай жағдайлар атмосфераның жерге жақын қабатында зиянды заттардың жиналуына ықпал етеді.

Соның салдарынан елді мекендерде ауа сапасы нашарлап, тұрғындардың денсаулығына кері әсер етуі мүмкін. Ауаның ластану деңгейіне желдің бағыты мен жылдамдығы, жауын-шашын, ылғалдылық және ауа температурасы әсер етеді.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде тұрғындарға мынадай кеңестер беріледі:

  • Ашық ауада болу уақытын қысқарту, әсіресе автожолдар мен ластану көздеріне жақын жерлерде ұзақ жүрмеу. Балалар мен жүкті әйелдерге ұзақ серуендеуден бас тарту ұсынылады.

  • Өкпенің созылмалы аурулары, жүрек-қан тамырлары және аллергиялық аурулары бар адамдар сыртқа шыққанда қажетті дәрі-дәрмектерін өзімен бірге алып жүруі керек.

  • Ашық ауадағы физикалық жүктемені шектеу. Дене шынықтыру және спортпен жабық спорт кешендерінде айналысқан жөн.

Наверх