Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Бүгін қай қалаларда ауа сапасы нашарлайды

Бүгiн, 08:36
96
Бөлісу:
 istockphoto.com
Фото: istockphoto.com

«Қазгидромет» РМК бүгін, 22 қаңтарда еліміздің бірқатар өңірлерінде ауаның ластануына қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтілетінін мәлімдеі, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Болжамға сәйкес, Көкшетау, Павлодар, Қарағанды, Теміртау, Балқаш, Жезқазған, Орал, Атырау, Ақтөбе, Өскемен, Семей, Риддер және Алматы қалаларында атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы мүмкін.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – ауадағы зиянды заттардың шоғырлануына әсер ететін тымық ауа райы, әлсіз жел, тұман және температуралық инверсия сияқты факторлардың жиынтығы.

Мұндай кезеңде елді мекендерде ауаның ластану деңгейі артып, тұрғындардың денсаулығына кері әсер етуі ықтимал.

Өзгелердің жаңалығы