Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Бүгін қай қалаларда ауа сапасы нашарлайды

Бүгiн, 08:32
67
Бөлісу:
 istockphoto.com
Фото: istockphoto.com

Синоптиктер алдағы тәулікте еліміздің бірқатар қалаларында ауа сапасының нашарлауына ықпал ететін қолайсыз метеорологиялық жағдайлар болатынын мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Метеорологтардың дерегіне сүйенсек, бүгін, 5 желтоқсанда Орал, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Жезқазған және Балқаш қалаларында атмосферадағы зиянды заттардың жиналуына әкелуі мүмкін ахуал күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – тымық ауа райы, әлсіз жел, тұман немесе инверсия секілді қысқа мерзімді табиғи факторлардың жиынтығы. Мұндай кезде атмосфераның төменгі қабатында ластаушы заттар таралмай, шоғырланып қалуы ықтимал. Соның салдарынан елдімекендердегі ауа сапасы уақытша төмендейді.

Мамандар тұрғындарға мүмкіндігінше сыртта ұзақ жүрмеуге, әсіресе балалар мен тыныс алу жолдары сырқаты бар жандарға сақтық танытуға кеңес береді.

Өзгелердің жаңалығы