Бүгін қай қалада ауа сапасы нашарлайды

Бүгiн, 08:15
108
Бөлісу:
 pixabay.com
Фото: pixabay.com

Синоптиктердің болжамынша, 22 желтоқсанда Ақтөбе қаласында, ал түнгі уақытта Атырауда қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Метеорологтардың мәліметінше, қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – әлсіз жел, тұман, ауа температурасының инверсиясы сияқты қысқа мерзімді факторлардың жиынтығы. Мұндай жағдайда атмосфераның төменгі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына қолайлы орта қалыптасады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар кезінде елді мекендерде атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы мүмкін. Бұл өз кезегінде халық денсаулығына кері әсер етеді.

Ауадағы ластану деңгейінің қалыптасуына әсер ететін негізгі факторлардың бірі – синоптикалық жағдайдың болжамы. Оған желдің бағыты мен жылдамдығы, жауын-шашын, ауа ылғалдылығы және температура көрсеткіштері жатады.

Өзгелердің жаңалығы