"Қазгидромет" РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
2025 жылғы 31 қазанда қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Павлодар, Қарағанды, Жезқазған, Теміртау, Өскемен, Семей, Риддер, Алматы, Атырау қалаларында күтіледі, – делінген "Қазгидромет" РМК-нің хабарламасында.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.