"Қазгидромет" РМК еліміздегі қалалардың ауа сапасына қатысты болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
2025 жылғы 24 қыркүйекте қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Қарағанды, Жезқазған, Балқаш, Теміртау, Ақтөбе, Ақтау, түнде Атырау қалаларында күтіледі, – делінген ақпаратта.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.