Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Бүгін қай қалада ауа сапасы нашарлайды

3 Қыркүйек 2025, 07:50
395
Бөлісу:
 pixabay.com
Фото: pixabay.com

Бүгін Қазақстанның жеті қаласында жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2025 жылы 3 қыркүйекте Қарағанды, Жезқазған, Балқаш, Теміртау, Ақтөбе, Алматы, Астана қалаларында, түнде Атырау қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі, – деп жазылған хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Өзгелердің жаңалығы