"Қазгидромет" РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
2026 жылғы 19 қаңтарда Павлодар, Қарағанды, Жезқазған, Теміртау, Өскемен, Риддер, Орал, Атырау, Ақтөбе, Алматы, түнде Астана қалаларында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі, – деп жазылған хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.