Бүгін – күш атасы Қажымұқан Мұңайтпасұлының туған күні

7 Сәуір 2023, 16:18
1482
Бөлісу:
Бүгін – күш атасы Қажымұқан Мұңайтпасұлының туған күні
Фото: ҚР Мәдениет және спорт министрлігі

Ол әлем чемпионы атағына қол жеткізген тұңғыш қазақ, деп хабарлайды BAQ.KZ Мәдениет және спорт министрлігіне сілтеме жасап.

1871 жылы 7 сәуірде Ақмола облысының Қараөткел ауылында дүниеге келген палуан бабамыз әлемнің 54 мемлекетінде өнер көрсетіп, 48 медаль жеңіп алған.

Қиындықтар мен кедергілерге қарамастан дүниежүзін мойындатып, әлемдік спорт тарихында өшпес із қалдырған Қажымұқан Мұңайтпасұлының өнегелі өмірі жастарға үлгі. Бүгінде бозкілемде белдесіп жүрген спортшыларымыз даңқты бабамыздың жеңісті жолын жалғап, еліміздің намысын абыроймен қорғап жүр, - деп жазды Мәдениет министрі Асхат Оралов Facebook-тегі парақшасында.

Айта кетейік, палуанның құрметіне жыл сайын елімізде халықаралық деңгейдегі жарыстар өткізіліп келеді. Батырдың есімі бірнеше қалада көшелер мен спорт нысандарына берілген. Ал, Түркістан облысында Қажымұқан Мұңайтпасұлының музейі бар.

Өзгелердің жаңалығы