Бүгін күн тұтылады

14-қазан күні Күн дискі сақинаға айналғанын көре алады. Ай Күн бетін толық емес, ортасын ғана жабады. Яғни тұрғындарға «жарқырап тұрған сақина» көрінеді. Бұл туралы BAQ.KZ Газета.ру басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

14 Қазан 2023 2023, 12:12
АВТОР
 BAQ.KZ  14 Қазан 2023 2023, 12:12
14 Қазан 2023 2023, 12:12
2587

14-қазан күні Күн дискі сақинаға айналғанын көре алады. Ай Күн бетін толық емес, ортасын ғана жабады. Яғни тұрғындарға «жарқырап тұрған сақина» көрінеді. Бұл туралы BAQ.KZ Газета.ру басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Күннің тұтылуы 14 қазан күні белгілі бір дәліз арқылы өтіп, артынша, 23-қазан күні Ай тұтылады.

Астрономиялық құбылысты АҚШ, Орталық Америка, Колумбия мен Бразилия тұрғындары тамашалай алады. Оның басталуы Тынық мұхит айдынынан, аяқталуы Кариб теңізі акваториясынан көрінеді. Әлемнің ірі обсерваториялары құбылысты тікелей эфирде көрсетеді.

Болжам бойынша, тұтылу уақыты 5 минут 17 секундқа созылады. Бірақ астрономиялық құбылысты көзге ештеңе тақпай бақылау қауіпті екенін ұмытпаған абзал. Қорғаныш қабаты бар оптикалық техника қолданған дұрыс.

Сондай-ақ бұл 2023 жылғы күннің соңғы тұтылуы екенін атап өткен жөн.

Наверх