Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Бүгін израильдік тұтқындарды босату процесі басталады

13 Қазан 2025, 03:40
702
Бөлісу:

Израильдік бұқаралық ақпарат құралдары Газа секторында ұсталған израильдік тұтқындарды босату процесі 13 қазан, дүйсенбі күні таңертеңгі сағат 08:00-де (Астана уақытымен 10:00) басталады. Бұл туралы "Галей ЦАХАЛ" радиостанциясы жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Кепілге алынғандарды босатудың екі кезеңде және екі түрлі нүктеде өтетіні нақтыланған. Радио мәліметінше, “жақын уақытта үшінші орыннан тағы бір кезең жоспарлануда”.

Бұған дейін Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху еврей мемлекеті “барлық майданда жеңіске жетіп келеді”, алайда кейбір қарсыластардың қайта шабуыл жасау үшін күш жинауға тырысып жатқанын атап өткен.

Ал 9 қазанда АҚШ президенті Дональд Трамп Израиль мен ХАМАС арасында Газа секторындағы бейбітшілік жоспарының алғашқы кезеңі бойынша келісім жасалғанын мәлімдеген болатын.

Америкалық көшбасшының айтуынша, бұл келісім барлық кепілге алынғандардың “өте тез” босатылуын және Израиль әскерлерін алдын ала белгіленген сызықтарға шығаруды көздейді.

Трамптың бастамасымен жасалған бейбіт жоспар 20 тармақтан тұрады. Онда атысты тоқтату, кепілге алынғандарды босату және Газа секторындағы билікті ХАМАС-тан өтпелі комитетке беру қарастырылған. Al Jazeera телеарнасының хабарлауынша, ХАМАС ұйымы бұл шарттарға келіскен.

Өзгелердің жаңалығы