Дүниежүзілік тоғызқұмалақ федерациясының президенті Әлихан Байменов қазақстандықтарды Халықаралық тоғызқұмалақ күнімен құттықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бүгін – тоғызыншы айдың тоғызыншы күні, Халықаралық тоғызқұмалақ күні. 2021 жылдан бастап Дүниежүзілік тоғызқұмалақ федерациясының президенті ретінде сіздердің барлықтарыңызды тоғызқұмалақ күнімен құттықтаймын, – деді Байменов Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты отырысында.
Ол мерекеге орай институтқа тоғызқұмалақ тақтасын тапсырды.
Тоғызқұмалақ – ғасырлар бойы тек жақсы ойыншыны анықтайтын сайыс емес. Сонымен қатар, жас жеткіншектің бойында қисынды ойлау, стратегиялық ойлауды дамытатын құрал, – деді ол.