Бүгін — Халықаралық балаларды қорғау күні

1 Маусым 2024, 09:15
559
Бөлісу:
Бүгін — Халықаралық балаларды қорғау күні
Фото: Артём Чурсинов

1 маусымда Қазақстанда Халықаралық балаларды қорғау күні атап өтіледі. Мереке балалардың алдында тұрған мәселелерге адамдардың назарын аударады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл айтулы дата Әйелдердің халықаралық демократиялық федерациясының конгресінде 1949 жылы ресми түрде бекітілді. 1950 жылдан бері бүкіл әлем осы күнді балаға қамқорлық күні ретінде атап өтіп келеді.

Осы үрдістен Қазақстан да тыс қалған жоқ. Елде азаматтық қоғамның қалыптасуы жеделдеген сайын бала құқығын қорғауға деген жауапкершілік, балаға деген қамқорлық артып келеді.

Қазір елімізде Бала құқықтары жөніндегі уәкіл жұмыс істейді. Бұл лауазым иесінің тікелей Президентке бағынатыны бала құқығын қорғауға деген мемлекеттің ұстанымы қандай деңгейде екенін көрсетеді.

Қазақстанда бала мен әйелдің, жалпы адамның құқығын қорғайтын негізгі заңдардан бөлек, балаларға арналған ондаған заң мен нормативтік актілер қабылданған.

 

Өзгелердің жаңалығы